Үкімет әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін 51 шара қарастырылғанын хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін 51 шара қарастырылғанын хабарлады

23.01.2022

Осы аптада Үкімет әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін 51 шара қарастырылғанын хабарлады. Жарақат алған құзырлы органдар қызметкерлеріне өтемақы; опат болған құзырлы орган қызметкерлерінің және бейбіт тұрғындардың отбасыларына көмек; дәлірегі – олардың несие қарызын кешіру; Тұрғын үйге зәру адамдардарға пәтер беру тәртібін қайту қарау; Сұйытылған мұнай газын сату механизмдерін жаңалау; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін тұрақтандыратын механизмдерді қаржыландыру; көмір бағасының көтерілуіне жол бермеу; салық және кеден тексерістерін ақпанның біріне жылжыту; утиль алымының көлемін қайта қарау; сәуірдің 20-на дейін тұрып жатқан үйден шығарып жіберу, құрылысты сүріп тастауға байланысты шешімдерді орындамай қоя тұру. т.т 

Жариялап жатқан мысалдарына тоқталсақ, олигополия бар салаларды анықтап бастапты. Өткенде айттық: Олигополияның қысқаша сипаттамасы: бәсеке жоқтың қасы, бірнеше ірі компания ғана жұмыс істейтін нарықсымақ система. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің берген мәліметінің сүйенсек, олигополия отын-энергетика, нақ мұнай өнімдері нарығында белең алған.

Енді олигополия серкелерінің дейміз бе, нақты кімдердің компаниясы екенін атау керек. Мәліметті толық беру. Әйтпесе «ана адамның компаниясы дейді, мына адамның компаниясы деп айтады» деген қаңқу сөз ғана. Ал маңыздысы – монополия болмауы керек жерлердегі монополистерді түгел анықтау. Ерекше статусқа иелік ететіндерді ол статусынан айыру. Болмаса, «жартас міз бақпай жата береді».


Хабарламаларға жазылу