Алаңдағы бейбіт шеруге қатысып, ұсталып, бірақ ешқандай айыбы жоқ 1083 адам босатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті.
«Президенттің ауырлататын мән-жай болмағанда жазаны жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес біраз жұмыс атқарылды. Жалпы сотта Қаңтар оқиғасына қатысты 9213 әкімшілік іс қаралды. Сот шешіміне сәйкес шын өкінген және мән-жайдың жеңілдігін ескере отырып 4561 тұлғаға ескерту жасалды. Сонымен қатар прокурорлардың өтініш-хатының негізінде 1083 адам қамаудан босатылып, 490 айыппұл жазасы ескертуге ауыстырылды. Қазіргі уақытта 362 адам әкімшілік қамауға алынып, 1245 тұлғаға айыппұл салынды», - деді Елдос Қилымжанов.