СІМ Еуропарламенттің қарарына жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ Еуропарламенттің қарарына жауап берді

21.01.2022

Еуро Парламенттің Қазақстандағы жағдайға қатысты қабылдаған қарарына Сыртқы істер министрлігі ресми жауап берді. Мәлімдемеде құжаттың біржақты сипатқа ие екені жазылған.

«Елімізде орын алған қаңтардағы қайғылы оқиғаларға объективті бағалаудың болмауы алаңдаушылық туғызады. Ресми тергеп-тексеру нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжатты қабылдау қисынсыз деп санаймыз. Оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа ұсынылатынын растаймыз» делінген мәлімдемеде.

Сондай ақ құжатта «Қарар жобасын әзірлеу кезінде Еуро Парламент депутаттары мен оның құрамындағы саяси топтар Қазақстанның ресми тұлғаларынан нақтылама ақпараттар мен түсіндірулер сұрамағанын атап өтеміз. Еуро Парламенттің қарарды асығыс қабылдауы демократиялық институттарды нығайту және азаматтық қоғамның дамуына бағытталған ел президентінің реформаларын жүзеге асыру үдерісіне кері әсер етеді және зиян келтіреді» - деп жазылған.


Хабарламаларға жазылу