Батыс Қазақстан облысының 8 ауданында 2 500-ға жуық сиыр жұқпалы ауруға шалдыққан. Шыңғырлау, Бөрлі, Сырым, Қаратөбе, Бөкей ордасы, Ақжайық, Бәйтерек, Теректі аудандарында малдан сынама алынып, сараптамаға жіберілген. Олардан аусыл табылмады. Сараптама қорытындысы бойынша ірі қараның көбінен ринотрахеит жұқпасы анықталған.
Қазір 2 000-дай мал аурудан жазылған, 400-дей ірі қараға ем жасалып жатыр.
Балдай Сапарғали, Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Ауру басталғалы мүйізді ірі қара шығыны болған жоқ. Эпизотияық ахуал мамандардың бақылуында. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан мүйізді ірі қара, ұсақ мал және шошқаны толығымен вакцинациялауға және ревакцинациялауға 3 944 000 доза көлемінде вакцина сұратудамыз.
Ардақ Мұратқызы