Айдос Сарым: Еуропарламент қарарына қатысты даурығудың қажеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдос Сарым: Еуропарламент қарарына қатысты даурығудың қажеті жоқ

21.01.2022

«Еуропарламенттің Қазақстанға қатысты қабылдаған қарары – ұсыныс қана. Бұған дейін осы тектес 20 шақты құжат ұсынған. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Оның үстіне Еуроодақтың саясаты мен ұстанымын Еурокомиссия анықтайды. Ал, еуропарламент депутаттарының 99 пайызы Қазақстанды көрмеген. Олардың берген бағасы шындыққа жанаспайды», - деді мәжіліс депутаты Айдос Сарым.  

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Еуропарламенттің жанында 12 000 лоббистік ұйым тіркелген ресми түрде. Соның ішінде біздің Қазақстанмен айналысатын топтар да бар. Ұйымдар да бар. Олар белгілі бір саясатын жүргізіп отыр. Ішінде Қазақстанға жаулық демеймін, бірақ теріс қарайтын да азаматтар жоқ емес. Сол Еуропарламенттің біразын танимыз, араласамыз. Күні-түні дақпырт таратып жүрген азаматтар бар.


Хабарламаларға жазылу