Шығыс Қазақстан облысында тәртіпсіздік кезінде ұсталған 110 адам босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында тәртіпсіздік кезінде ұсталған 110 адам босатылды

21.01.2022

Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан және төтенше жағдай режимін бұзған 110 адам сот шешімімен дереу босатылды. Жалпы 1 тәулікте 212 әкімшілік іс қаралған. 24 адамға айыппұл ескертумен алмастырылса, 18 адамға салынған айыппұл көлемі төмендетілген. Жаппай тәртіпсіздік кезінде Семей қаласында әкімшілік ғимараттың іші талқандалып, жиһаздар мен кеңсе техникалары бүлінген болатын. Стратегиялық нысан әлі жөнделіп жатыр.

Ғимаратты басып кіргендерге қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған. 

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу