Елдегі тұрмыстық ахуал: Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі тұрмыстық ахуал: Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды

21.01.2022

Қазақстан халқының жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл ақшаға тіршілік ету мүмкін емес. Елдегі тұрмыстық ахуалға Президент осындай баға берді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының жартысынан көбін небәрі 162 адам иеленіп отырғанын мәлімдеді. Ал, тұрғындарының айлық табысы 50 мың теңге. Бұл жылына 1 300 доллар ғана. Мұндай жіктелу мен теңсіздік қауіпті. Жағдайды өзгерту керек. Бұған кәсіпкерлер ықпал ете алады.


Хабарламаларға жазылу