Кәсіпкерлерден залалды өтеуге өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерден залалды өтеуге өтініш қабылдау басталды

21.01.2022

Ол бес күн ішінде қаралады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «InfoKazakhstan.kz» платформасында электронды өтініш қабылдайтынын хабарлады. Кәсіпкерлер өтініш берер алдында мына сілтеме бойынша нұсқаулықпен танысуы қажет. Бизнес иелеріне ыңғайлы болу үшін шығынды өтеу бойынша іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Онда залалды өтеуге өтініш беру қадамдары сипатталған. Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданады.

Қаржы шешім қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде аударылады. 


Хабарламаларға жазылу