Жапонияда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары күшейтілді

21.01.2022

Жапонияда да «омикрон» штамы өршіп барады, шектеу шаралары күшейтілді. Карантин елдің үштен бір бөлігін қамтып отыр. Бүгіннен бастап аймақтарда мейрамхана, дәмханалар жабылып, алкоголь ішімдіктерін сатуға тыйым салынды. Жапонияда ересектердің көбі коронавирусқа қарсы екпенің толық компонентін алған. Ал, вакцинаның қосымша дозасын алғандар некен-саяқ. 

Австрияда екпе алмағандар 600-3 600 еуро аралығында айыппұл төлейді 

Австрия Еуропа Одағы елдері арасында алғаш болып коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау туралы заң қабылдады. Елдің канцлері Карл Нехаммердің мәлімдеуінше, Парламент бекіткен ереже ақпанның 4-нен бастап күшіне енеді. Ал, екпе алудан бас тартқандар 600-ден 3 600 еуроға дейін айыппұл төлейді. Бұған қоса, ел билігі вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойынын өткізбек. Лотереяның әр 10-қатысушысы 500 еуро көлемінде ақшалай купон ұта алады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу