Мемлекет басшысы сөзіне құлақ асып, «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударғандарға алғыс айтты. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. Айтуынша, қорға қаржы аудару – дер кезінде іске асып жатқан игі шара. Бұл – бюджеттің ақша емес. Әр тиыны қарапайым азаматтардың өмірін жақсарту үшін жұмсалады» - деді Президент.
«Бірақ бір күндік жалақы аударуға ешкімді мәжбүрлемеу керек. Аударым ерікті түрде іске асуы тиіс. Тек ірі компаниялар ғана қорға қайырымдылық ретінде жыл сайын жарна ретінде төлеуге міндеттеледі. Кездесуде Президент бизнес-қоғамдастықты жаңа Қазақстанды бірлесіп құруға шақырды. Әрі елімізге жаңа экономикалық саясат қажет екенін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Алматы трагедиясы жылдар бойы қордаланған мәселені көрсетіп берді. Қазір бай мен кедей арасы тым алшақтап кеткен. Халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты жұмыс істейтін реформа қажет»,- деді Мемлекет басшысы.