Шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруге мораторий алып тасталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруге мораторий алып тасталады

20.01.2022

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларға қатысатын шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторий алынып тасталады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тиісті жоба әзірлеген. Оған сәйкес бірқатар субъектілерді тексеруге енгізілген мораторий күшін жояды.  

Еске салайық, қаңтардың 11-і күні Мәжіліс отырысында мемлекет басшысы тиісті тапсырма берген еді. Сатып алулар кезінде фирмалар алдын ала сөз байласып, ымыраласуы мүмкін деген күдік бар.


Хабарламаларға жазылу