Бейжіңде бүлдіршіндерге арналған Қазақ тілі курсы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде бүлдіршіндерге арналған Қазақ тілі курсы ашылды

18.04.2014
Бейжіңде бүлдіршіндерге арналған Қазақ тілі курсы ашылды
Қытай астанасында бүлдіршіндерге арналған Қазақ тілі курсы ашылды. Оған елден жырақта қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарының және жергілікті қандастарымыздың мектеп жасындағы балалары қатысады.
 
Әр сенбі мен жексенбі сайын екі сағат бойы балалар Әліппемен, қазақтың салт-дәстүріментанысып, ұлттық ойындар ойнайды, қазақша әндер үйренеді. Мұғалім де, тәрбиешілер де ата-аналардың өздері.
 
 Олар өз қалталарынан қаражат шығарып, оқу бағдарламасын жасап, балаларын қазақылыққа тәрбиелеуге құлшынып отыр. Оқу тегін. Оған қалаған адам қатыса алады.  
 
Райхан Әбішева, Бейжің тұрғыны:
Кейбір балалар осы Бейжіңде дүниеге келеді. Оларға оңай емес, қазақ тілінде тек үйлерінде ғана сөйлейді. Бала - болашағымыз. Оларға қазақ тілін үйрету мақсатында осы курсты аштық.
 
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу