Елде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

20.01.2022

Коронавирусқа қарсы дәрі тапшылығы жоқ. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілдері хабарлады. ПТР тест оң нәтиже көрсетсе кез келген азамат тіркелген емханаға барып, 5 препаратты тегін алуға құқылы. 500 000 пациентке жететін дәрі қоры сақтаулы тұр. Ал дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар жеткілікті.

Егер сіз барған дәріханада іздеген дәріңіз болмаса, интернет арқылы «І-Тека» сайтына кіріп, қай жерде бар екенін қарауға болады. 1439 нөміріне де хабарласуға болады. 

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтика бақылау комитеті нұр-сұлтан қалалық департаментінің басшысы:

Кеше кешке және бүгін біздің мамандармен 59 аптеканы аралап шықтық. Қаланың әр шетіндегі. Сондағы мәлімет бойынша, мысалы, парацетомол 90 пайызында, ибупрофен 80 пайызында бар. Нимесил 75 пайызында бар. Цеф 81 пайызында, ингавирин 83 пайызында бар.


Хабарламаларға жазылу