Роман Скляр: Ұлттық арнаның өртенген ғимараты заманға сай жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Скляр: Ұлттық арнаның өртенген ғимараты заманға сай жаңартылады

20.01.2022
0:00:00
0:00:00

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматыға барып, тәртіпсіздік кезінде залал келген нысандарды аралады.  

Өртке оранған Ұлттық арнаның ғимаратына соғып, қазіргі жағдайымен танысты. 60 жылдан астам тарихы бар қарашаңырақты қалпына келтіру үшін тиісті қаражат бөлінетінін айтты.

«Жөндеу жұмысының сапасы үнемі бақылауда болады және ғимарат заманға сай жаңартылады»,-деді.

Бірінші кезекте арнаны техникалық жабдықтау мәселесі шешілетінін жеткізді.

Еске салайық, бұзақылар ғимараттағы интернет сымдарын үзіп, студияларды қиратып, камералар мен басқа да құрылғыларды ұрлап кеткен болатын.


Хабарламаларға жазылу