Ләззат Сүлеймен: «Алматы трагедиясын» тергеу ашық әрі әділ жүргізілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ләззат Сүлеймен: «Алматы трагедиясын» тергеу ашық әрі әділ жүргізілуі керек

20.01.2022

Қаңтардағы қақтығыс кезінде орын алған әрбір факт жіті зерттеліп, тексерілуі шарт. Ұсталған адамдардың қорғалуына және білікті заңгерлерден көмек алуына конституциялық құқығы қамтамасыз етілуі қажет. Сенатор Ләззат Сүлеймен осы мәселеге орай Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. 

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деген пікірімен толық келісеміз. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық әрі объективті болуы, барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті.

Сондай-ақ депутаттар «асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекет көмектесуі керек» дейді. Зардап шеккендердің де оңалуына мүмкіндік беріп, курсанттарға, әскери және полиция қызметкерлеріне материалдық және моральдық қолдау жасалуы қажет. Ал, сенатор Нұржан Нұрсипатов тәуелсіздік жылдарында ерлікпен қаза тапқан барлық әскери қызметшілер мен күштік құрылым қызметкерлерінің аты-жөні жазылған бірыңғай ақпараттық портал құруды ұсынды. 


Хабарламаларға жазылу