Полицияның лауазымды қызметкері пара алған деген күдікке ілінді. Шымкенттің Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Мұхтар Бұхарбаев мансабын пайдаланып, қоластындағы қызметкерден бағалы сыйлықтар алды деп айыпталды. Оның бұл әрекеті туралы жол патрульдік қызметінің инспекторы әлеуметтік желі арықылы Ішкі істер министрлігіне шағым жасаған.
Оның айтуынша, полковник шеніндегі тәртіп сақшысы парфюмерия, жиһаз, бағалы сырт киім әперуге мәжбүрлеген. Және түрлі карталарға ақша аудартқан. Шымкент қалалық полиция департаменті Ішкі істер министрлігініне Мұхтар Бұхарбаевты қызметінен босату туралы ұсыныс жолдады.
Ғани Қалмаханов