Ақмола облысында тіркелмеген қару-жарақ тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында тіркелмеген қару-жарақ тәркіленді

20.01.2022

Ақмола облысында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тіркелмеген қару-жарақтар анықталды. Төрт күнде 10 атыс қаруы, 15 оқ-дәрі, 20 шақты өзге де суық қару тәркіленді. Мәселен, Атбасар қаласының 44 жастағы тұрғынынан қосауыз мылтық табылды. Ал, Бурабай ауданында тіркелмеген ИЖ-18 мылтығы анықталды. Қазір мамандар тексеріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру шарасы кезінде 1 000-ға жуық нысан тексерілді. 

 Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу