Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мектептердің қашықтан оқуға көшірілгеніне қарсы. Ирина Смирнованың сөзінше, дәмхана, кинозалдар мен қоғамдық көліктер адамға лық толы. Ал, білім алу мекемелерін жабу негізсіз. «Бұдан бұрын эпидемия кезінде мектептердің тиімді әрі қауіпсіз жұмыс істеу ережелері бекітілген болатын. Білім және ғылым министрлігі осыны ескеріп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мектептерді соңғы кезекте жауып, бірінші кезекте ашу туралы ұсынысын ескеруі қажет еді», - дейді депутат.
Смирнова ірі қалалардағы мектептерде оқуды жандандыру бойынша ұсынымдарын жеткізді. Мәселені жедел шешуге Премьер-министрдің араласуын сұрады.