Қызылордада екпенің 8 мың дозасы ғана қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада екпенің 8 мың дозасы ғана қалған

19.01.2022

Сыр өңірінде коронавирус індетіне қарсы ревакцинация қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде облыста 33 мыңнан астам адам үшінші дозаны алған. Ал соңғы күндері елімізде індеттің қайта өршуіне байланысты ерікті түрде екпе алып жатқандардың қатары күрт көбейген. Өңір бойынша күнделікті мыңнан аса тұрғын ревакцинациядан өтуде. Дегенмен, елдегі соңғы жағдайларға байланысты аймақта «QazVac» пен «Sinovac» вакциналарының қоры азайып қалған. Қазір қоймада небәрі 8 мыңдай доза бар. Сондықтан, жетіспеушілік туындауы мүмкін. Бірақ, салаға жауапты мамандар осы айдың аяғына дейін облысқа 40 доза вакцина жеткізілетінін айтып отыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу