ДДСҰ: Коронавирустың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Коронавирустың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін

19.01.2022

«Омикроннан» кейін коронавирустың басқа да түрлері пайда болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыны ескертіп отыр. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус ковидтің жаңа штамдарын қадағалап, дұрыс баға берудің маңызды екенін ескертті. Бұған қоса, «омикрон» жеңіл вирус деген пікірдің қате екенін баса айтты. Айтуынша, аталған штамм ауыр өтіп, өлім-жітімге апарып жатқан жағдайлар да кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, әсіресе ковидке қарсы вакцина алмағандар үшін алаңдаушылық білдірді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу