Алматыдағы бүлік кезінде көшеге шыққан тұрғындарға әлдекімдер арматура таратқан. Желіде жарияланған бейнекадрлардан мұндай әрекеттің Төле би көшесінде болғаны байқалады. Айғайлатып, ұрандатып жүріп бара жатқан шерушілерге шағын жүк көлігін тізгіндеген белгісіз адамдардың кесілген темірлерді таратып жатқаны видеода анық көрінеді. Арасында жүгіріп барғандарға да үлестіріп жүр. Еске салсақ, шерушілер осы Төле би көшесінің бойымен жүріп отырып, Республика алаңына жиналған болатын.