Қазақстан құрамасы XXIV қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 8 түрінен 32 спортшы 82 лицензия жеңіп алды.
Спортшыларымыз 30 жолдаманы шаңғы жарысынан, фристайлдан 9 жолдама, оның ішінде могулдан 5, акробатика түрінен 4 жолдама, шаңғы қоссайысынан 2 жолдама, конькимен жүгіруден 12, биатлоннан 12 олимпиадалық жолдама, шорт-тректен 9 жолдама, тау шаңғысынан 4 және тұғырдан секіру спортынан 4 жолдамаға ие болды.
Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін ақ Олимпиада 4-20 ақпан аралығына жоспарланған.
Олимпиада қатысушылары Бейжіңге 27 қаңтар күні ел астанасы Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласы арқылы чартерлік рейспен аттанады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде спорттың 15 түрінен 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
XXIV қысқы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.