Астанада тұңғыш рет киноклуб ашылды

Астанада тұңғыш рет кино өнерін насихаттайтын клуб ашылды. Аптаның әр бейсенбісінде Ұлттық академиялық кітапханада отандық және әлемдік кино өнерінің ең үздік туындылары көрсетіледі.
Ең қызығы, киноны көріп қана қоймай, майталман киносыншылармен, актерлармен бетбе-бет кездесіп, пікірлесуге мүмкіндік аласыз.
Киноклубты Қазақ Ұлттық Өнер университеті мен Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы бірлесіп ашып отыр. Қазір кітапхана қорында 2 мыңға жуық кинотаспа бар.
Гүлмира Ықсанова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бөлім меңгерушісі:
Жастардың басын қосатын мәдени орталықтың бірі - кітапхана. Сондықтан, біз өз тарапымыздан қорымыздағы бар дүниелерді оқырмандарымыздың игілігі үшін пайдаланып отырмыз.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09

Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05
VIII съезд жұмысын халықаралық делегаттар жоғары бағалады
18.09.2025, 20:01
Дін адамзатты біріктіру құралы ретінде пайдаланылуы тиіс
18.09.2025, 19:58
Әлем біріншілігінде топ жарған боксшылар марапатталды
18.09.2025, 19:50
Жолдау өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін керек
18.09.2025, 19:50
Жаңа салықтық рулинг тәжірибесі енгізілуі мүмкін
18.09.2025, 19:40