Қобызшы Раушан Оразбаеваның шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қобызшы Раушан Оразбаеваның шығармашылық кеші өтті

18.04.2014
Қобызшы Раушан Оразбаеваның шығармашылық кеші өтті
Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан. Бұл - белгілі қобызшы  Раушан Оразбаеваның өмірлік ұстанымы. Астанада  «Аққу» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды.
 
Қазақ күйлері мен классикалық туындылар  қобыздың қоңыр үнімен жұртты баурады. Сазгер Кенжебек Күмісбековтың «Поэма» күйі  алғаш рет қобызбен орындалды.
 
Өз елімізбен қатар, өнер иесі шетел сахналарын жиі бағындыруда.
 
Раушан Оразбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, қобызшы:
Шетелдіктер  қобызды жақсы қабылдайды. Әлі де жоспарлар бар. Концертімді бірінші өз елімдегі тыңдармандарыма тарту еткім келді.
 
Ламбриан ТОПУЗИДИС

Хабарламаларға жазылу