Прокурорлар өтініші бойынша ереуілге қатысқан 676 адам қамақтан босатылды. Елдегі тәртіпсіздіктер бойынша барлығы 8 354 әкімшілік іс сотқа жеткен. Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті. Елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты «ауыр» және «аса ауыр» қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың ішінде 44 – терроризм актілері бойынша, 15 – кісі өлтіру бойынша, 6 іс – насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру бойынша қозғалған.
Күдікті ретінде 780 адам ұсталды. Оның 695-ін сот қамаққа алды.
Азамат Сарғазин, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі:
Прокурорлардың өтініш хаттары бойынша 676 адам қамақтан босатылды. 344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды. Прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 733 өтініш хаттары қаралу үстінде.