Әлихан Смайылов: Ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек

18.01.2022

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Ауыл шаруашылығы министрі ішкі нарықты толықтыру үшін бірқатар жұмыстардың пысықталып жатқандығын жеткізді. Биыл 1 шілдеге дейін күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына шектеулер енгізіледі. 3 ай картоп пен сәбіз экспортына, ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай сыртқа шығаруға тыйым салынады.

Сонымен бірге алдағы уақытта нан бағасы тұрақталуы мүмкін. «Әлеуметтік» нан өндіру үшін өңірлерде астық құнын субсидиялау мәселесі қарастырылып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу