Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі сотқа түсті. Нұр-Сұлтан қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, іс әлі өндіріске қабылданған жоқ. Өзге мәлімет кейін хабарланатыны айтылды. Елжан Біртанов 2020 жылдың 7 қарашасынан бастап үйқамақта. Ол бастапқыда бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Кейін ол бап "қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану" деп өзгертілді. Бұрынғы министр лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғанын мойындамай келеді.