Түркістан облысында тұрғындардан суық қару мен есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тұрғындардан суық қару мен есірткі тәркіленді

17.01.2022

Түркістан облысында полицейлер екі күндік рейд жүргізіп, тұрғындардан суық қару мен есірткі заттарын тапты. Сондай-ақ, ағаш дубинкалар мен діни сипаттағы кітаптар тәркіледі. Отырар ауданында жергілікті тұрғынның үйінен марихуана мен 36 патроны бар ұңғылы аңшы мылтығы табылған. Күдіктінің бұдан бөлек діни сипаттағы 20-дан астам кітап пен брошюралар, журналдар сақтағаны белгілі болды. Ал, түлкібастық тұрғынға тіркелмеген тапанша мен 16 калибрлі шолақ мылтықты сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Осындай қарулар Кентау қаласы мен Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы мен Сарыағаш аудандарынан да табылды. Қазір барлық жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Сұлтанбек Үсіпбеков, облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы және 287-баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу