Алматыдағы тәртіпсіздіктер салдарынан бүлінген нысандар шығыны есептелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы тәртіпсіздіктер салдарынан бүлінген нысандар шығыны есептелді

17.01.2022

Алматыдағы тәртіпсіздіктер салдарынан қираған қалалық әкімдік ғимаратының шығыны 20 миллиард теңге деп есептеліп отыр. Сондай-ақ қалалық прокуратура – 2 млрд теңге, полиция департаменті – 205 млн теңге, экопосттар – 163 млн теңге, медициналық мекемелер – 2 млн теңгеге қайта жөнделуі тиіс. Мұндай есепті Алматы әкімінің орынбасары Ільяс Өсеров берді. Қазір бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Бүгін қалалық штаб отырысында Алматы әкімдігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударатынын жеткізді. Сондай-ақ әкімдік өкілдері бүлік кезінде тоналған, өртелген кәсіпкерлік нысандардың шығынын өтеу мәселесі де қолға алынғанын айтты.   

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры: 

2226 қоңырау тек талан-таражға ұшыраған кәсіпкерлер тарапынан түсті. 695-і бизнесті қалпына келтіруге қатысып жатыр. 1856 нысанда орналасқан 1563 субъекті Алматы қаласынан.


Хабарламаларға жазылу