Әскери ант –әскери өмірдің өзгермейтін заңы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің өткен жиынында елдегі соңғы оқиғаларға байланысты Қарулы күштерді нығайтуды, Ұлттық ұланның саны мен сапасын арттыруды жүктеген еді. Ел астанасында Ұлттық ұланның 800-ге жуық жауынгерлері Отан қорғаушылармен теңқұқылы сапта бой түзеу үшін Отанға адал болуға, қалтқысыз қызмет етуге, әскери өмірдің қиындықтары мен ауыртпалықтарына төтеп беруге салтанатты түрде ант берді.
Ерлік Ықыласов, 55/73 әскери бөлім командирінің орынбасары:
Ата заңымыздың 36-бабына сәйкес ҚР әр азаматы үшін Отан қорғау қасиетті борышы болып табылады. Сондықтан да еліміздің 17 аумағынан келген жас сарбаздар, жас жауынгерлер бір ай бойы дайындық сабақтарын өтіп, мемлекеттік құқықтық пәндерінен өте көп мағлұмат алып, бүгінгі таңда әскери ант қабылдап отыр. Бұл жігіттер елін, жерін сүйіп, қорғай білетін дайын жауынгерлер болып саналады.