Ақмола облысында боранның кесірінен жолда қалған 50 шақты адам құтқарылды. Жақсы, Зеренді, Атбасар және Бурабай ауданында тұрғындар ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып кеткен. Құтқарылған жолаушылардың бәрі дін аман, арасында 2 бала бар. Олар жылу бекеттеріне орналастырылды. Кеше қатты боран болып, өңірдегі барлық жолдарда қозғалыс тоқтатылған еді. Қазір облыстағы жолдар түгел ашылды.
Сондай-ақ, Есіл ауданында боранда жоғалып кеткен балықшы табылды.
Қостанай облысында да жолда қалған 23 адам аман-есен құтқарылды. Олардың төртеуі - кәмелет жасына толмаған балалар. Далада қалғандарға 5 арнайы көлікпен жабдықталған 12 құтқарушы көмектесті. Бүгін таң ата боран басылды, қазір күре жолдар біртіндеп ашылып жатыр.
Ермек Елберген