Тынық мұхит жағалауында цунами қаупі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тынық мұхит жағалауында цунами қаупі жарияланды

17.01.2022

Тонга аралында суасты жанартауының атқылауынан Тынық мұхит жағалауындағы бірнеше елде цунами қаупі жарияланды.  

Әзірге 170 аралы бар корольдікте табиғи апаттан кейінгі ахуал белгісіз. Себебі сенбіде вулкан оянып, цунами көтерілгенде мұнда интернет, телефон байланысы үзіліп, электр жарығы өшті. Аралдағы жағдайды бақылау үшін Жаңа Зеландия мен Австралия ұшақ жіберген. Алынған мәліметке сай, цунами Тонгаға айтарлықтай шығын әкеліп, 80 мыңдай тұрғынға ықпал етсе керек. Алайда жапа шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Цунами қаупі жарияланды 

Тонгадағы жанартаудың атқылауы АҚШ-қа әсер етті. Соңғы деректерге сай, Калифорния мен Аляскада су тасқыны жүрген. Бұдан өзге, Жапония, Чили, Перу елдерінде цунами қаупі жарияланды. Жапонияда 230 мың тұрғынға қауіпсіз жерге көшу қажеттігі туралы ескертілді.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу