Бітімгерлер 19 қаңтарға дейін Қазақстаннан толық шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бітімгерлер 19 қаңтарға дейін Қазақстаннан толық шығарылады

17.01.2022

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қарулы күштерін елімізден шығару ісі жалғасып жатыр. Кеше ресейлік сарбаздардың тағы бір тобы ұшып кетті. Олар Мәскеу облысына жеткізіледі.  

Еске сала кетсек, бітімгерлердің алғашқы легі 13 қаңтар күні қайтты. Ал 14 қаңтарда Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Арменияның қарулы күштері толықтай отандарына оралды. Жалпы сарбаздар мен әскери техникаларды тұрақты мекендеріне жеткізу үшін 100-ден аса әуе рейсі жасалмақ. 

Бітімгерлер 19 қаңтарға дейін Қазақстаннан толық шығарылады.


Хабарламаларға жазылу