Лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын тыңғылықты анықтау өте маңызды - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын тыңғылықты анықтау өте маңызды - Президент

16.01.2022

Сонымен жұрт елеңдеп күткен 11 қаңтарда Президент Премьер-Министр етіп Премьер-Министр міндетін атқарушы Әлихан Смаиловтың кандидатурасын ұсынды. Заң бойынша Парламенттің Мәжілісі қолдау керек. Мәжіліске сол күні қатысқан депутаттардың ешбірі қарсы болған жоқ.

Түстен кейін министрлер кабинеті жасақталған. Дәл қазіргі жағдайда әрқайсысына тоқталып жататын уақыт жоқ. Әрі бірқатары бұрыннан жүргендер. Бәрі дерлік системада жұмыс істейтіндер. Қызметке қайта кіріскендердің талантын Премьер-Министр аша алмаған деп ойлай тұруға тура келіп тұр. Олардың - «Осы жолы қолымнан келеді» дегендердің тапсырмалары көп және күрделі. Ал мерзім шектеулі. Орындай ала ма, рас, қолдарынан келе ме? Көп күтпей сеземіз.

Президент Қ.Тоқаев ахуалға орай пайымын жеткізді және жаңа айтқанымыздай, өкіметтің міндеттерін санамалады. Бірден айтып кететіні, «Кім, кімдер?» деген басты сауалдың нақты жауабы белгісіз.

Себебі цитата: Содырлар мен олардың бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстарға қатысы бар сыбайластарын түгел тауып, жазалау керек. Лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын тыңғылықты анықтау өте маңызды, деді Президент.

Енді құқық қорғау және күштік құрылымдарға байланысты байламын түйіндеп айтсақ, сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыруды, Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін, оның ішінде сыртқы барлау қызметінің жұмысын қайта құруды сөз етті.

Дәл қай қалалар екенін атап айтпады. Ал міндеттердің бір парасы:

Президент түрлі күш құрылымдары арасындағы тиімді үйлестіру туралы да айтты. Осы оқиғада ондай үйлесімді байланыстың болмағанын қарапайым адамдар да сезген. Сол түйсік дәл сияқты, себебі Мемлекет басшысы «Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік органдар іс-қимылдарының алгоритмдері өзектендіріліп, ведомствоаралық үйлестіру күшейтілуі қажет»,-деді. Қарулы Күштердің өздігінен шешім қабылдай алуын қамтамасыз ету, басшыларының жауапкершілігін күшейту қажет дегені де көп нәрседен хабар береді.

Діни экстремизмге байланысты «Олардың криминалмен, әсіресе қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайласып кетуіне мүлдем жол бермеу керек» деп қайырды. Жақында Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін, бұл мәселелерді шешу жолдары қаралатынын анонстады.

Теңсіздік мәселесі ушыға түсті. Азаматтардың көптеген күрделі проблемасы шешілген жоқ. Президенттің қысқа сипаттамасына қос нүкте қойып, біздің ұзыннан ұзаққа созылған негізгі сюжеттерімізді де қатар-қатар қойып шығуға болады. Бір жұқармайтын «қарыз дәптерлері», тоқтамайтын қымбатшылық, жұт, жайылымға талас, таза ауыз су тапшылығы – кете береді. Коррупция, әділетсіздік, әділетті соттан да таба алмау – ол бір бөлек таудай проблема.

Олигополия дегенге қысқаша тоқтала кетсек, бәсеке жоқтың қасы, бірнеше ірі компания ғана жұмыс істейтін нарықсымақ система.

Ал Қазақстанның даму банкінің сайтында банктің миссиясы деген жерге – Шикізатқа қатысы жоқ салаларға инвестициялар құйып, Ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпалдасу деп жазып қойған. Бірақ ол өтірік екенін Президент айтып отыр. Таңдаулы тұлғалардың жеке банкіне айналды деді. Олар кім? Әрине, ашық ақпарат алаңында ешқандай мәлімет жоқ...


Хабарламаларға жазылу