Президент бағаны тұрақтандыруды тапсырды: Қалай жүзеге асады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бағаны тұрақтандыруды тапсырды: Қалай жүзеге асады?

15.01.2022

Үкімет басшысы ауысты, газға қатысты екі бұйрық шықты. Сұйытылған газ бағасы 50 мен 75 теңге аралығында бекіді. Бұл мараторий 180 күн, яғни жарты жыл күшінде болады. Сонымен қатар сұйытылған газды электронды алаңда сату бір жылға шегерілді.

Газ бағасының өсуін мамандар былай түсіндіреді. Әлемде газға деген сұраныс 57 пайызға артып кеткен. Себебі экологияға зияны аз. Былтыр елде газбен жүретін 127 мың көлік болса, биыл оның саны 330 мың. Ал сұраныс көбейген сайын нарықта баға да өсетіні заңдылық. Сарапшылар бағаны тұрақтандырудың үш жолын айтты. Алғашқысы «Қазгазды» жеке алып шығу, яғни Қазмұнайгаз, Самырұқ Қазынаға бағынбай, үкіметпен тікелей жұмыс істеу. Екінші, сыртқы нарықта газ бағасы ішкі нарыққа қарағанда төрт есе қымбат.

Жыл сайын бюджет қызметкерлері мен зейнеткерлердің алатын ақшасы өскенмен азық-түліктің бағасы көтеріліп барады. Президент бұл мәселені қолға алу керек деп қатаң тапсырма қойды. Былтыр инфляция дәлізі 8,4% болды. 

Хабарламаларға жазылу