Атамекен мамандары сақтандыру төлемін алу бойынша кеңес берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атамекен мамандары сақтандыру төлемін алу бойынша кеңес берді

14.01.2022

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнес өкілдері сақтандыру төлемдерін алу үшін не істеу керек? Атамекен ұлттық палатасының мамандары кәсіпкерлерге бірнеше кеңес берді. Олардың сөзінше әзірге іскер азаматтардың көбі сақтандыру қызметіне жүгінбеген. Атамекен мамандары әуелі құқық қорғау органдарына хабарласу керек дейді. Сосын шығынның артуына жол бермеу үшін қолдан келген шараларды атқарған жөн. Ал бүлінген мүлікті орнынан қозғамай, оны сақтандырушы келіп тексергенге дейін сол қалыпта ұстау қажет. Одан кейін келтірілген шығынды есептеу керек. Фото және видео дәлелдер мен бухгалтерлік есептерді дайындап қойған жөн. Сосын мүмкіндігінше қысқа мерзімде өтініш жазып, сақтандыру компаниясына хабарласыңыз дейді Палата өкілдері.


Хабарламаларға жазылу