Бір тәулікте 10 мың адам коронавирус жұқтырды. Оның тең жартысы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Індет өзге өңірлерде де үдей түсті. Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары қызыл аймақ тізіміне қосылды. Елде ревакциналау шарасы күшейеді. Қазірдің өзінде Спутник-лайт екпесінің150 мың дозасы жеткізілді. Енді өңірлерге таратылады. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулы бекітті. Онда ревакцинация жасағысы келетін медицина қызметкерлі мен 60 жастан асқан қарт адамдарға Пфайзер екпесін алуға рұқсат етіледі делінген.
Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режиім өзгереді. Қызыл аймақта орналасқан өңірлер түнгі он екіге дейін, Сары аймақ түнгі бірге дейін, жасыл аймақта түнгі үшке дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Егер қызметкерлер мен тұтынушылардың статусы жасыл болса, нысандар жұмысын жалғастырады. Елдегі барлық қызмет көрсету орталықтары, көңіл көтеру орындары, мәдени нысандар, тамақтану желілері, мәдени обьектілер, сауда үйлері, банктер, міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеуі тиіс.
Дінмұхаммед Қастай, №15 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері:
Коронавирустың өршуі белең алып жатыр. Омикрон штамы мен дельта штамының айырмашылығы омикрон штамының жоғарғы контогеноздығы. Бұл дегеніміз ДДСҰ-ның ақпаратына сенетін болсақ дельта штамы 4-5 күнде жұғатын болса, омикрон штамы келесі адамға 2 күнде жұғады. Бұл дегеніміз омикрон штамы дельта штамынан 70 пайызға контогенозды болып келеді.