Бекболат Тілеухан: 30 жылдық төл тарихымызда болмаған үлкен сынды бастан кештік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекболат Тілеухан: 30 жылдық төл тарихымызда болмаған үлкен сынды бастан кештік

14.01.2022

Елдегі дүрбелеңнен кейін Президенттің халыққа арнаған жолдауы - мемлекет дамуының жаңа дәуірі келе жатқынын айғақтайды. Бұл бастамалар халықтың мұң-мұқтажы мен түрлі әлеуметтік мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді. Ел болашағына бағдар жасап, соңғы оқиғаларды сараптаған қоғам қайраткерлері осылай дейді.

Бекболат Тілеухан,  қоғам қайраткері:
Біздің 30 жылдық төл тарихымызда болмаған үлкен сынды бастан кештік. Бұл да бір ел тарихындағы өту керек кезең шығар бәлкім. Осы бір кезеңде бізге бұрын-соңды болмаған дәрежеде тас түйін бірлік керек. Осы бірлік ғана біздің тәуелсіздігімізді сақтап қалады. Ең бастысы мемлекетшілдік, ұлтжандылық болатын болса біз бұл сынақтан да абыроймен өтеміз. Президент тарапынан қаншама қадамдар жасалып жатыр. Осының бәрі түбінде жақсы нәтиже беретініне мен сенімдімін.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өңірлерді дамытуға қатысты айқан меседжі, Оңтүстік пен батыс өңірлерді біздің ұлттық проритет қылуымыз керек деген әңгімелерінің өзі осы бұрын естімеген оң өзгерістер деп айта аламын. Себебі бізге жаңа Қазақстан болу үшін жаңа саясат керек. Президентімізге сенеміз, өзі айтқан саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасайды деп, халық та оған сеніп отыр.


Хабарламаларға жазылу