Күштік құрылым мамандарының еңбегі ерен. Әсіресе, қызмет жолында мерт болған қызметкерлердің отбасы қолдауға мұқтаж. Сондықтан Мемлекет басшысы дер кезінде орынды шешім шығарды дейді ардагерлер қауымының мүшесі.
Салтанат Меңлібаева, Нұр-Сұлтан қаласы ардагерлер кеңесінің қызметкері:
Қаза болған құқық қорғау органы қызметкерлерінің отбасына көмек деген ол да үлкен қолдау. Мен 35 жыл бұрын қайтыс болған офицердің жесірімін. Сондықтан ақ жаулық аналардың жаулығына дақ түспесінші деймін.