Украинада инфляция 62 процентке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада инфляция 62 процентке жетті

14.01.2022

Украинада өткен жылы өнеркәсіптік инфляция көлемі 62 процентке жетіп, 25 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. 

Жағдай бұлай жалғаса берсе, жақын уақытта тауар өндірушілері азық-түлік, оның ішінде қант, сұйық май мен нан өнімдерінің бағасын тағы да 2, тіптен 3 есеге дейін арттыруы мүмкін. Ал Украина тұтыну нарығындағы инфляция өткен жылы 10 процентті құрады. Бұл туралы мемлекеттік статистика қызметі мәлімдейді.

Сондықтан тауар бағасы көктемнен бері көтеріліп келеді. Мамандардың болжауынша, барыс жылы да елдегі азық-түліктің құны бір орында тұрмайды.


Хабарламаларға жазылу