«ҚазТрансГаз» АҚ Шымкент қалалық филиалының жұмысына қатысты төрт бірдей әкімшілік хаттама толтырылды. Оған кәсіпорын жұмысына наразылық танытқан шаһар тұрғындарының Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жазған шағымы негіз болған.
Тексеріс кезінде «ҚазТрансГазАймақтың» өндірістік бөлімшесі құрылыс монтаж жұмыстары аяқталғанына қарамастан абоненттерді газ желісіне қасақана қоспай қойған. Бұл «Табиғи монополиялар» туралы Заңды өрескел бұзу болып есептеледі. Кәсіпорынға заңбұзушылықты жою туралы ескертпе берілді.