Түркияда коронавирустың «омикрон» штамы өршіді. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, желтоқсанмен салыстырғанда қаңтарда науқастардың саны 4 есе артқан. Апта басында ковид жұқтырғандардың тәуліктік саны 74 мыңнан асты. Бұл - пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш.
Жалпы, 2020 жылдың наурызынан бері Түркияда 10 миллионнан астам адам коронавируске шалдыққан.