Терроризмге қатысты 44 іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризмге қатысты 44 іс қозғалды

13.01.2022

Алматығы дүрбелеңге қатысты терроризм акітісі бойынша 44 іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Алматы трагедиясы бойынша алғашқы мәліметті таратқан бас прокуратура өкілдері мәлімдеді. Жедел-тергеу топтары қазір 494 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың ішінде 15-і кісі өліміне, 34 – жаппай тәртіпсіздікке қатысты қозғалған қылмыстық істер. Қазір қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу