Өңірлерде стационарда ем алып жатқан науқастардың қатары артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде стационарда ем алып жатқан науқастардың қатары артып барады

13.01.2022

Індет өршіген өңірлерде стационарда ем алып жатқан науқастардың қатары артып барады. Мәселен, Шымкенттегі ауруханалардағы төсек-орынның 44 пайызы сырқаттарға толды. Ал, Атырауда үш күнде 500-ге жуық адам вирус жұқтырған. Өңірлердегі ахуалды Жандос Темірғали тарқатады.

Маңғыстауда бірнеше күнде вирус жұқтырған тұрғындар саны 2,5 есеге өскен. Соңғы тәулікте індет 156 адамнан анықталды. Ақтаудағы модульдік стационарда 4 науқас аса ауыр хәлде жатыр. Тағы 6 адамның жағдайы мәз емес. Індетке әсіресе, вакцина алмағандар мен созылмалы ауруы бар тұрғындар шалдығып жатыр.

Марал Қадыр, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының бөлім басшысы: 
Амикрон екені жөніндегі нәтижесін алған жоқпыз. Жалпы республика аймақтары Алматы және Астана қаласында лабораториялық жолмен осы штамының дәлелденуі, олы біздегі эпидемиологиялық жағдайдың кенеттен өршіп кетуіне әсері бар деп отырмыз. 

Ал, Шымкентте бас аяғы екі аптаның ішінде 1 мың 200-ден астам адам вирус жұқтырған. Өткен тәулікте шаһарда 320 тұрғыннан коронавирус анықталды. Қазір стационарларда мыңнан астам науқас жатыр. Ауруханалардағы төсек орындардың 44 пайызы сырқаттарға толы. Эпидемиологиялық жағдай өршісе емдеу мекемелеріндегі орындар 5 мыңға дейін көбейтіледі. Қалада екі айға жететін дәрі дәрмек қоры бар.

Ал, Атырауда үш күнде 479 адам індетке шалдықты. Өңір қызыл аймаққа енген соң, карантиндік шаралар күшейтілді. Оқушылар үйден оқиды, мемлекеттік қызметкерлердің 70 пайызы онлайнға көшті.

Жандос Темірғали, тілші: 
Эпидахуал әсіресе облыс орталығында ушығып барады. Қазір өңірдегі емдеу мекемелерінде 363 науқас жатыр. 10-ының жағдайы ауыр. Індетке шалдыққандар саны соңғы аптада күрт өсті. Мәселен өткен тәулікте вирус анықталған 243 адамның 193-і қаладан тіркелді. Ал, 30-ы Теңіз мұнай кен орнынан. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу