Кореяда науқастарды Pfizer таблеткасымен емдеу басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кореяда науқастарды Pfizer таблеткасымен емдеу басталады

13.01.2022

Оңтүстік Кореяда ертең коронавирус пациенттерін Pfizer таблеткаларымен емдеу басталады. Сондықтан, Сеулге осы дәрі бүгін ұшақтармен жеткізіліп жатыр.

Кореяның Ауруларды бақылау және алдын-алу агенттігінің мәлімдеуінше, алғашқы 630 мың таблетка 280 дәріхана мен емдеу орталығына таратылады.

Жаңа препарат ковидтан жағдайы тым нашарлауы мүмкін және жасы 65-тен асқан тұрғындарға беріледі.

Айта кетсек, осыған дейін Pfizer таблеткаларының адамдарды госпитальге түсуден және өлімнен 90 пайызға жуық қорғайтыны мәлім болған еді.

Хабарламаларға жазылу