Мемлекет табысы халық игілігі үшін бөлінуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет табысы халық игілігі үшін бөлінуі керек

13.01.2022

Мемлекет табысы әділ бөлінуі керек. Бұл жаңадан бекітілген үкіметтің басты міндеті. Осындай тапсырма берген Президент, халықтың көкейінде жүрген өзге де мәселелерді шет қалдырмады. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің бас қосуы өтті. Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы аталған жұмыстар тоқтап қалмай, оны бүкіл қоғам боп қолдау маңызды екенін алға тартты. Бұдан бөлек әлеуметтік теңдік, өңір арасындағы тұрмыс сапасының алшақтығына қатысты да ұсыныстар айтылды. Мемлекет басшысы реформаларының жүйелі жүруіне мониторинг жасалады дейді, кеңес мүшелері.   

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Самұрық-Қазынаның ішінде қаншама сұрақтар бөлінді. Қаншама қаражаттар конкурссыз бөлініп жатты. Бірнеше рет айтылды да ресми. Бірақ Самұрық келіп жатқан миллиардтаған табысын бақылаусыз бөліп жатты. Мемлекеттік компанияларда тиімсіз жұмсаған қаражаттар бар. Бұл кешегі Президенттің айтқанымен шектелмей осындай бар деректі қоғамның талқылауына шығаруымыз керек, тиісті органдарға беруіміз керек. 

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
30 жылдың ішінде мынау бүкіл қаржының барлығы мемлекеттің ЭКСПО немесе ЛРТ сияқты біздің елімізге, халқымызға материалдық пайда бермейтін жобаларға жұмсалды. Ал, мұның нәтижесінде территориялар, аудандар, ауылдар, әсіресе шекаралық аймақтарда демографиялық, әлеуметтік мәселелер өте ұшығып кеткендігін жақсы білеміз.

Хабарламаларға жазылу