Монополияға қарсы департамент 6 ірі компанияға қатысты тергеу бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Монополияға қарсы департамент 6 ірі компанияға қатысты тергеу бастады

13.01.2022

Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесіне тексеру жүргізіп жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің телеграм каналында жарияланғандай агенттік сұйытылған газ сататын ірі алты компанияға қатысты тергеуді бастады. Олардың арасында «Қазмұнайгаз», Ақтөбемұнайгаз» «ҚазГПЗ» компаниялары мен «Қазгермұнай», «Петросун» «Қазақойл Ақтөбе» серіктестіктері бар. Олар ТМД аумағында көтерме саудада шикізат бағасын шектен тыс қымбаттатты деген күдікпен тексерілмек.  

Хабарламаларға жазылу