Атырауда құзырлы орган мамандары жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 500-ге жуық адамды ұстады. Тергеу кезінде күдіктілердің бірінің үйінен атыс қаруы тәркіленді. 30 жастағы тұрғын тұтқындалды. Тағы бір тұрғынның баспанасынан әскерилердің оқ өткізбейтін киімдері табылды. Оның бұған дейін психотропты дәрілерді сатып алғаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды. Сондай ақ, полицейлер вокзалдағы жолаушыларды тексеру кезінде Алматыдағы дүкендердің бірін тонаған 3 бұзақыны анықтады. Олардың жол сөмкесінен қымбат әтірлер мен опа далаптар шыққан. Тұтқындалғандар Ақтау қаласының тұрғындары. Қазір тергеу басталды.