АҚШ-та инфляция 40 жылдағы ең жоғары деңгейге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та инфляция 40 жылдағы ең жоғары деңгейге өсті

13.01.2022

Құрама Штаттарда инфляция 7 пайызға өсті. Бұл - соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгей. Мұндай көрсеткіш елде бұған дейін тек 1982 жылы тіркелген еді. Тұтыну бағалары индексінің өсуін экономистер «омикронның» тарауымен, жұмыс күшінің жетіспеуімен байланыстырып отыр. АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі алдында тұрған басты мақсат - инфляциямен күрес. Сол себепті аталған орган биыл ынталандырушы бағдарламаларды қысқартып, пайыздық мөлшерлемелерді белсенді түрде өсірмек. Ұзақ мерзімде Федералдық резерв инфляция мен жұмыссыздықты 2 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу