Түркістан облысында бүлікке қатысып, бассыздыққа барғандар ұсталып жатыр. Полиция мыңнан аса адамды тұтқындаған.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Аймақта ахуал тұрақты. Тыныш. Тәртіп сақшыларының бақылауы күшті. Бүлік кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 1200-ден аса адам полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Оған қоса құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер бойынша 8 дерек анықталып, бейбіт митинг туралы заңды бұзғаны үшін 6 адам қамауға алынды. Сондай-ақ, өңірде төтенше жағдай кезінде блокбекеттерден өтіп жатқан 14 мыңнан аса көлік тоқтатылды. Айыптұраққа 100-ден астамы қойылған. Жалпы, осы күндері 850-ден астам құқық бұзушылық дерегі тіркелсе, 47 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынды. Тағы 73 азаматқа ескерту берілді. Облыстық соттың мәліметінше, коменданттық сағат режимін бұзғандардың дені жастар.
Айнұр Ақбаева